Windows операциялы? ж?йесіні? даму тарихы
I. Кіріспе бөлім:
Windows туралы жалпы мағлұмат .
II.Негізгі бөлім:
Windows жүйесінің негізгі функцялары;
Windows жүйесінің негізгі ұғымдары;
Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері;
Windows -ті іске қосу;
Windows -тің анықтамалық жүйесі;
Windows жүйесінің стандартты программалары.
Windows операциялық жүйесі.
Бұрынғы компьютерлерде кең тараған MS(PC)-DOS операциялық жүйесі болатын. MS-DOS операциялық жүйесінің бір адамның жұмыс істеуіне арналғанын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешеді,компьютердің тек 640Kб жедел жадын ғана(RAM) пайдалана алады.
MS-DOS операциялық жүйесі соңғы версиялары қолданбалы программаларға 1Mб -тан артық жедел жадын қолдану және программалардың бірінен екіншісіне ауысу мүмкіндігін беретін, кейініректе шыққан сервистік программалармен толықтырған болатын.Адам мен компьютер арасындағы байланыстырушы қызметін,яғни пайдаланатын негізгі интерфейс рөлін MS-DOS жүйесінде командалық жол атқарады.Бұл жол арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ -ді басқаруға арналған жүзден аса командалар,пернелерден енгізіліп барып орындалады.Командаларды жазу тәртібі өте күрделі,кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де,көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды.Осыдан барып,адам мен компьютер арасындағы байланысты жеңілдету үшін әттүрлі жүйелік қоршаулар қарастырыла бастады. Бірақ олар негізінен мәтіндік режимде (ең кең таралғандардың бірі- Norton Commander) жұмыс істейтін еді. Бұларда бір-екі пернені қатар басу арқылы күрделі де қиын командаларды термей-ақ,тікелей орындау жүзеге асырылды. Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті,яғни қажет информацияны жылдам әрі тез тауып,оның мазмұнын қарауға және онымен жұмыс істеуге септігін тигізеді.
DEC фирмасы компьютерлердің операциялық жүйесі ретінде UNIX қолданылды. Бұлар үлкен.орташа ЭЕМ-дерде жұмыс істеді.UNIX операциялық жүйесінің MS-DOS жүйесінен негізгі артықшылығы-оның бір мезетте бірнеше мақсатты шешу мүмкіндігі,яғни бірнеше программаларды паралель орындау қасиеті.
80-ші жылдардың ортасында MS(PC)-DOS -тың кемшілігінен арылу үшін, Microsoft фпрмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйелер даярлау жұмысын қолға алды. Солардың бірі WINDOWS жүйесі болатын. Алайда, осы уақытқа дейін олардың онша көп таралмауын дербес компьютерлердің есептеу мүмкіндіктерінің төмендігімен түсіндіруге болады.80386 сериялы микропроцессорлардың пайда болуымен қатар іске қосыла бастаған WINDOWS графикалық ортасының жаңа версиялы Windows 3.1 бірте-бірте бұрынғы мәтіндік программалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығара бастады. 80486 сериялы процессордың шығуына байланысты дербес компьютерлердің көптеген жаңа түрлеріне графикалық мүмкіндігі мол Windows 3.1 немесе одан кейінгі Windows 3.11 версиялы MS-DOS операциялық жүйесі тағайындала бастады.
Microsoft корпорациясының ОС даярлау жолындағы келесі елеулі қадамы болып, ондағы графикалық интерфейс қондырма программа күйінде емес,сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені даярлау болып саналады. Осылайша Windows95,Windows 98 және Windows NT операциялық жүйелері пайда болды.Windows95 жүйесінің,Windows NT жүйесінің соңғы версияларының графиктік интерфейс стандарттары Windows 3.1 жүйесінің стандартынан өзгешеге түрге енді,бірақ идеологиясы бұрынғыша сақталған болатын. Windows 3.1-ден Windows95-ке өту әрине MS-DOS-тан бірден Windows95-ке қарағанда біршама жеңіл.
Windows жүйесінің негізгі функциялары
Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етеді:
• компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;
• файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
• қолданбалы программаларды іске қосу; бұған қоса Windows жүйесі:
• бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;
• әртүрлі программалар арасында мәліметтер алмасуды;
• масштабталатын қаріптерді қолдануды;
• мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;
• бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолданудықамтамасыз ете алады.
Windows жүйесінің негізгі ұғымдары
Терезе — Windows жүйесіедегі ең негізгі ұғым болып саналады. Экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы,онда әртүрлі программалар орындалады,кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі.
Терезе шекаралары- бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасқан. Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню батырмасы орналасқан,ал оң жағында терезенің аймағын өзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып жолынан төменірек меню жолы бар. Ал меню жолынан төменгі төртбұрышты аудан-терезенің жұмыс аумағы деп аталады. Осы жұмыс аумағында әртүрлі информация болады:орындалатын программа,өңделуге арналған мәліметтер,басқа кішігірім терезелер және т.б.
Кез келген терезенің белгілі бір шектеулі мөлшері болады. Информация көп болса терезеге сыймай қалады. Мұндай жағдайда терезенің оң жақ шетінде айналу сызықтары деп аталатын элемент пайда болады.
Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:
• толық экранды терезе,яғни терезе экранның белгілі бір бөлігін алып тұрады.
• Белгіше (пиктограмма) түрінде,яғни терезе кішірейтіліп белгішеге айналып кеткен.
Жұмыс столы-қазіргі барлық операциялық жүйелер(Windows, OS/2, Macintosh компьютерлеріндегі OS,SUN компьютерлеріндегі OS,т.б) интерфейсінің элементі болып табылады.
Windows ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны атқарады.
Белгіше(Icon)- бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файылды т.б бейнелеп тұруй мүмкін. Әр белгіше белгілі бір терезеге сәйкес келеді. Ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынандай белгішелер кездеседі:
• қосымша қолданбалы программалар белгішесі;
• белгілі бір топтар белгішесі;
• функциялар белгішесі.
Жарлық(shortcut)- бұл белгілі бір обьектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы,жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады,тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға,файлды жылдам ашуға болады және т.б. Жарлықты пайдаланғанда негізгі обьектілердің өздері (файлдар,каталогтар және т.б)өз орындарында еш өзгерусіз тұрады. Ал сол обьектілермен қатынас жасау shortcut файлында сақталған информацияның көмегімен іске асырылады. Мысалы,егер жұмыс столында файлдың(каталогтың) өзі орналастырылған болса,онда олардың бірін жою командасын қолданған кезде ол дискіден жойылады. Ал егер де сіз жұмыс столынан shortcut белгішесін орналастырып, оны арнан өшірсе онда жарлық беріп тұрған командалық файл жойылады да,бастапқы файлдар ешбір қалаусыз қалады.
Бума (folder) экранда каталогтарды (Windows 98 ) және программалық топтарды (Windows 3.1) белгілеу үшін қолданылды. Мұның мағынасы мынада:каталог пен программалар тобы белгілі бір обьектілерді орналастыруда қолданатын контейнер болып табылады. Бума -каталог, дирокторий ұғымының баламасы.Каталог – файлдарға арналған контейнер,программалық топ -жеке программаларға арналған контейнер,т.с.с
«Тышқан» Windows ортасында пернелер тақтасының көмегімен жұмыс істеуге болады. Бірақ тышқан тетігімен басқарылатын графиктік сілтемені (Point) немесе олардың комбинацияларын (бірге) қолдану өте тиімді.
Тышқан тетігінің екі немесе үш батырмасы болады. Жұмыс барысында негізінен оның сол жақтағы,кейде оң жақтағы батырмасы пайдаланылды.
Тышқан тетігімен орындалатын ең негізгі операция-экран бетімен курсордың (сілтеменің) қозғалуы болып табылады.
Келесі операция -шерту(Click). Бұл операция сілтемені экран бетіндегі қажетті элементке апарғаннан кейін орындалады.
Күрделі операция тышқанның сол жақ батырмасын. Жылдам екі рет шерту.(Double-click) Келесі операция -тасымалдау (Drag & Drop). Ол терезелермен шертпелердің орнын ауыстырады,яғни басқа орынға тпсымалдайды,терезелердің ұзындығы мен енін өзгертуде қолданылады.
Мәлімет алмастыру буфері
Өзінің жұмысістеуі кезінде Windows жүйесі программалар мен құжаттар мәліметтер алмасуға арналған комьютердің жедел жадының арнаулы бөлігін алмастыру буфері (Clipboard) ретінде пайдаланады. Буфер (дәнекер жады) әртүрлі программалар немесе құжаттар арасында керекті шағын көлемді мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір-біріне ауыстырып отыру үшін пайдаланылады.
Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері
Жұмыс істейтін әрбір адамға арналған стандартты интерфейс.
MS-DOS операциялық жүйесінде жазылған программалардың өзіндік интерфейсі олар: меню жүйесі(көлденең, сырғып түсетін, қалқып шығатын,иерархиялық), сұхбаттасу тәсілдері(мәліметтерді енгізу, варианттарды таңдау)және т.б.
Мұндай тәсіл жаңа программаларға көшкен сайын әрбір адамға қайта үйрену қажеттілігін туғызады.
«Point -and -Click» (көрсету және шерту)принципі. Бұл принцип бойынша графикалық технологиядағы көптеген операцияларды орындау үшін тышқан сілтемесін экран элементіне апарып,оның сол немесе оң батырмасын шерту жеткілікті. Бұл тәсілмен төмендегі әрекеттерді орындауға болады.
• Программа немесе құжат терезесінің аумағын кішірейту,үлкейту, және бұрынғы қалпына келтіру;
• көлденең орналасқан меню пунктерін таңдау;
• экранға шығатын меню командаларын таңдау;
• мәліметтері бар тізімнің бір жолын белгілеу;
• командалық батырманы басу,таңдау;
• ауыстырып қосқыштың мәніни өзгерту;
• мәтіндік информацияны енгізу кезінде курсордың орналасуын зерттеу;
• мәтін енгізілетін өріс жолдарының бірін таңдап,оған мәлімет енгізу және көптеген басқа өрекеттер;
Selekt(ерекшелеу,белгілеу)принципі.
Windows- тің анықтамалық жүйесі.
Программалық жабдықтар интерфейсіндегі негізгі элемент болып оның анықтамалық жүйесі саналады, онда әрбір адамға қажетті информация толық түрде болуы тиіс. Windows ортасының бір артықшылығы ретінде оның анықтамалық жүйесінің барлық программалық қолданбалар үшін бірдей етіп құрастырылған. Сондықтан біз программаның анықтамалық жүйксімен таныс болса, қалғандарының құрылымы да сондай болғандықтан, керекті информацияны қиналмай іздеп табуға болады.
Windows ортасы мен оның ішіндегі стандартты қосымша программалардың бәрінің де бір-бірінен тармақтала өрбитін анықтамалық жүйесі( бұдан кейін анықтамасы ) бар, ол жұмыс кезінде туатын кез-келген сұраққа жауап бере алады. Windows ортасында кез келген анықтаманы бұлай шақыруға болады: Windows3.x жүййесі үшін — Программа диспетчері терезесінің жоғарғы жағындағы көлденең орналасқан менюдегі Анықтама ( справка ) пунктінің Мазмұн ( содержание ) командасын таңдау керек;
Windows98 жүйесі үшін – Іске қосу ( Пуск ) менюінің Анықтама ( Справка ) командасын таңдау керек.
Windows жүйесінің өзінде және оның қосымшаларының бірсыпырасында анықтаманы сұхбат терезесі арқылы алу мүмкіндігі бар. Кез келген сұхбат терезесінде Көмек батырмасы бар. Оны таңдап алсақ экранға анықтамалық жүйе шығып, Анықтама терезесіне сол сұхбаттасу мүмкіндігінің жұмысын баяндайтын информация шығарылады.
Файлдармен жұмыс істеу
Қазіргі кезде қолданылатын операциялық жүйелердің барлығы файлдармен жұмыс істейді. Windows бұл жұмыстың қомақты бөлігін өзіне қаратып алды деуге болады, яғни ол әрбір адамды дискідегі файлдармен қатынас жасау оларды үнемі қадағалау қажеттілігінен босатты. Мысалы, қандай да бір программа белгісіне тышқан курсорын апарып, оны екі рет шертсек, соған сай келетін программалық файл іске қосылады, бұл сәттерде файлдың қай жерде орналасқанын әркімге білу міндет емес. Мұның өзі Windows жүйесінің және ондағы барлық қолданбалы программалардың файлдық жүйемен қатынас құра алатынының айғағы болып табылады.
Әдетте әрбір адам дискіден файл оқу үшін не оған басқа файл жазу үшін, сондай-ақ қолданбалы программаларды іске қосу үшін файлдық жүйеге жүгінеді.
Файлдарды ашу және сақтау терезелері
Windows жүйесінің көптеген программалары дискіден информацияны оқу және оны толықтырып, өңдеп қайта дискіге жазу операцияларын орындаудан тұрады. Осы операцияларды орындау барысында Парақтау( Пролистать ) терезесінің аналогымен жұмыс істеу керек болады, ол -жұмыс Парақтау және Сақтау терезелеріне өте ұқсас Ашу тересі.
Windows жүйесінің стандартты программалары.
Windows жүйесінің стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді,
мысалы:
мәтіндік құжаттар дайындау;
графикалық бейне -көріністерді даярлау және оларды өңдеу, түзету;
жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру;
математикалық есептеулеррді орындау және т.б.
Әдетте бұл қосымша программалар « Стандартты » тобында орналасқан.
Операциялық жүйе кез келген компьютердің ең қахет құрамдас бөлігі және ол компьютерді басқаруға, ақпаратты сақтауға, оған қосылған барлық құрылғылардың жұмысын ұйымдастыруға арналған программалардың жиыны болып табылады. Операциялық жүйе адам мен компьютердің өзара байланысын қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде Windows -барлық дербес компьютерлерге арналып кең таралған операциялық жүйе. Windows -тің кеңінен таралуына себеп, оның қолайлығы, түсініктілігі, графикалық интерфейсі, бірнеше программалармен қатар жұмыс жасау мүмкіндігі және жаңа жабдықтардың автоматты түрде бапталуы сияқты ерекше қасиеттерін атауға болады. Windows бірнеше операциялық жүйелерді біріктіреді, олар бір-біріне ұқсас болғанымен, әр түрлі мүмкіндіетері бар және әр түрлі мақсаттарға арналған.
1. Е. Қ. Балапанов, Б. Б. Бөрібаев, А. Б. Дәулетқұлов.
Жаңа информациялық технология, Информатика. Алматы 2004.
2. Н. Ермеков , Н. Стифутина .
Информатика. Алматы« Атамұра » 2007
Операциялық жүйенің даму тарихы
Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) —
компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын,
экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-а қ қатар
операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын бас қа
программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты
сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған
программа.
Даму тарихы
1965-1975ж. интегральным микросхемалар ға өту компьютерлерді ң келесі
ұрпағына жол ашты, олардың өкілі IBM/360. Осы кезеңде қазіргі ОЖ – лерге
қатысты барлық коцепциялар: мультипрограммалау, мультипроцесстеу,
көптерминалды іс-тәртіп, виртуальды жад, файлды қ жүйелер, қол жетуді шектеу
және желілік жұмыстар жасалды.80ж. басы операциялы қ жүйе тарихында дербес
компьютерлердің пайда болуымен айры қша м әнді болды. 80 жылдарда
коммуникациялық технологияларға локальдық желілер үшін негізгі
стандарттар: 1980 жылы — Ethernet, 1985 — Token Ring, 80ж. ая ғында — FDDI
қабылданды. Бұл төменгі деңгейдегі желілік ОЖ үйлесімділігін, сондай-а қ
желілік адаптер драйверлерімен ОЖ интерфейсін стандарттауды қамтамасыз етті.
90ж. басында барлық ОЖ-лар әртекті клиенттер және серверлермен ж ұмысты
қолдай алатын қабілеті бар желілік ОЖ айналды. Тек қана коммуникациялы қ
есептерді (Cisco Systems компаниясыны ң IOS жүйесі) орындау ға арнал ған
мамандандырылған желілік ОЖ-лер пайда болды.. Со ңғы онжылды қтар ішінде
корпоративтік желілік ОЖ-лерге ерекше көңіл б өлінді, олар үшін
масштабтаудың жоғарғы дәрежесі, желілік жұмысты қолдау, қауіпсіздікті ң
дамыған құралдары, гетерогендік орталы қта жұмыс істеу м үмкіндігі,
орталықтан әкімшілік ету және басқару құралдарыны ң болуы сипатты.
МС-ДОС
MS-DOS (Microsoft Disk Operating System) — дербес
компьютердің аппараттық жасақтамаларын — процессорды,
оның жедел жадын, дискілерді және шалғай құрылғыларды
автоматты басқаруға арналған, Microsoft фирмасы жаса ған
дискідегі операциялық жүйе. Ол құрылғылар мен қолданбалы
программалардың өзара байланысын, сондай-ақ осылармен
жұмыс істеушінің оларды тиімді пайдалануын қамтамасыз
ететін программа болып табылады. 1981 жылдан бастап Intel
процессорларымен жасақталған барлық дербес компьютерлерге
арналған стандартты операциялык жүйе ретінде белгілі. MS
DOS жүйесін осы күнгі кең таралған UNIX, Windows
операциялық жүйелерінің негізі деп атау ға да болады.
MS-DOC
1981 IBM/ PC компьютерлері үшін MS DOS 1.0 операциялы қ жүйесі дискі
құрылғыларының жұмысын басқарады негізінен, онда диаметрі 5, 25 дюйм
болатын иілгіш магниттік дискілер пайдалынады. 1982 MS DOS 1.1
операциялық жүйесінде екі жақты иілгіш магниттік дискілер пайдалынады.
1983 IBM/ PC/XT компьютерлері үшін MS DOS 2.0 операциялы қ ж үйесі пайда
болып, олар өлшемі 10 Мбайтқа дейінгі қатты дискілер жұмысын басқарады.
1984 MS DOS 3.0 операциялық жүйесі шықты. Онда өлшемі 20 Мбайтқа
дейінгі қатты дискілер мен диаметрі 5,25 дюйм-ге те ң иілгіш дискілер
жұмысы басқарады. 1985 MS DOS 3.2 операциялы қ ж үйесі пайда болды. Онда
диаметрі 3,5 дюймге тең иілгіш дискілер жұмысы басқарылады. 1986 MS DOS
3.3 операциялық жүйесі пайда болды. Онда диаметрі 3,5 дюймге те ң иілгіш
дискілер жұмысы басқарылды. 1987 MS DOS 4.0 ОПЕРАЦИЯЛЫ Қ ЖҮЙЕСІ
ПАЙДА БОЛДЫ. Онда өлшемі 32 Мбайттан жоғары қатты дискілер жұмысы
басқарылды. 1988 MS DOS 4.01 операциялы қ жүйесі орыс тілінде жасалынып
шығады. 1991 MS DOS 5.0 операциялық жүйесі пайда болды. Онда өлшемі 1
Мбайтқа тең оперативтік жад пайдалануға мүмкіндік туды. 1993 MS DOS 6.0
операциялық жүйесі пайда болып, ол CD- ROM дискі құрылғысының
жұмысын басқаруға негізделді. 1995 Microsoft Windows 95 ал ғаш қы графиктік
операциялық жүйесі пайда болды. 1998 Бүкіләлемдік Интернет желісіні ң
жұмысын басқаратын Microsoft Windows 98 операциялық жүйесі пайда
болды.
Lunex
Linux – Unix операциялық жүйесінің толық
функционалды нұсқасы. Бұл операциялық
жүйеге, Unix операциялық жүйесінің ең қуатты
мүмкіндіктері кіргізілген, және де Linux–ке Unix
операциялық жүйесінің қазіргі кездегі
қолданбалары қосылған.
ТАРИХЫ
Linux-тің бірінші түрі шыққаннан кейін екі айдан соң Линус Торвальдс жа ңа
оперциялық жүйені және басқаларды Linux-ті дамыту жұмысына ша қырды.
Сондықтан Linux операциялық жүйесі бүгінгі күнде көптеген жер шарыны ң
программистерімен дамытылуда және оларды ң жемісі к өптеген Интернет
сайттарында жазылған. Осы топтың басқарушысы әлі к үнге дейін Линус Торвальдс
болып саналады.
UNIX
UNIX операциялық жүйесі (ОЖ) 1970 жылдары Веll Laboratories
(АҚШ) фирмасында жасалып шығарылды. UNIX-ті ң әр т үрлі
нұсқалары бірінші колледждер мен университеттерде қолданыла
бастады. Осы кезде UNIX-тің беделі көтерілді. Ол бас қа ОЖ-лерді
ығыстыра бастады. 1978 жылы UNIX ОЖ-нің 7 нұ-сқауының
шығуы, одан кейін 1982 жылы System III нұсқасының шығуы осы
ОЖ-нің кең таралуына себеп болды. 1987 жылдың аяғына таман
UNIX ОЖ-сін қолданушылар саны 4,5 млн жетті. UNIX-ті ң б ұндай
көтерілуінің екі себебі бар. Бірінші, ықшамдылы ғы, я ғни сіз
белгілі бір бағдарламалау тілінде бағдарлама жазса
ңыз, онда осы бағдарлама UNIX ОЖ-мен басқарылатын
компьютерде жұмыс істейтініне сенімді боласыз.
Екінші, UNIX-тің ыңғайлылығы. UNIX шығысымен өзі
коммерциялық болмай тұрып, академиялық ортада таралуы, оны ң
ЭЕМ-нің РDР-ІІ типтерінде қолданылуы, мини-ЭЕМ-дерге
арналған ОЖ ретінде қалыптасуына әсер етті.
Біздің заманымызда UNIX бүкіл дүние жүзіне аты мәлім ОЖ.
Бұнда бір уақытта мыңдаған адамдар ж ұмыс істей алады. Ал
Internet әлемдік торабымен жұмыс істеу үшін UNIX-тен арты қ ОЖ
таба алмайсыз.
іOS Операциялық
ж ү йесі
ІOS (2010 жылдың 24 маусымына дейін: iPhone OS) —
Америкалық Apple компаниясымен құрастырылып,
шығарылатын мобильді операциялық жүйе. 2007 жылы
шығарылған. Бастапқыда iPod touch және iPhone
құрылғыларына шығарылып, сосын iPad және Apple TV
құрылғыларына да шығарылды. Windows Phone және
Android операциялық жүйелерінеқарағанда тек қана Apple
компаниясының құрылғыларына қондырылады. iOS-тың
қолданушы интерфейсі мультитач қозғалыстары арқылы
тікелей басқару концепциясында құрылған. Интерфейсті
басқару элементтері батырма- лардан, сүйрегіштер мен
тетіктерден құрылған
Ubuntu операциялық жүйесі
Ubuntu
Ubuntu-ды 20 миллионнан
астам қолданушы пайдаланады, бұл оны Openstat с
анақ ғылымы
бойынша десктоптарға арналған Linux-
тың ең танымал таратушысы
етеді. Веб-серверлерге арналған ең танымал ОЖ-
дің тізімінде
ол 4-орында тұр.
Windows 2000
операциялық жүйесі
Windows 2000 (тағы да оны Win2k,
W2k немесе Windows NT 5.0, кодтаулы
аты Cairo) — Microsoft
корпорациясының Windows NT
отбасындағы 32-биттік процесстермен
жұмыс жасайтын компьютерлерге
арналған операциялық жүйесі.
Тарихы
Жүйе 1994 жылы жарияланды. Альфа-сынақ
1995 жылдың басынан бастап 1997 жылдың
қыркүйек айы аралығында болды.
Тұңғыш бета-нұсқасы жұртшылыққа
1997 жылдың 27 қыркүйегінде көрсетілді.
2004 жылдың 12 ақпанында пирингтік
сайтында Windows 2000 ағымдағы сөздерінің
бөлшектері сыртқа таралғаны мәлім болды.
Windows 98
операциялық жүйесі
Windows 98 – Microsoft
корпорациясының
компьютерлерге арналған жүйесі.
Бiруақытта бiрнеше
программалармен жұмыс жасауға
мүмкiндiк беретiн көп мәндiлiк
операциялық жүйе.
Тарихы
Windows 98 (кодтаулы аты Memphis) — Microsoft
корпорациясының 1998 жылдың 25 маусымында жарыққа шыққан
компьютерлерге арналған графикалық операциялық жүйесі. Бұл
жүйе Windows 95 жаңалатынған түрі болып саналады. MS-DOS 7.1
негізінде жасалған гибридтелген 16/32-разрядты өнім.
Дамытылған AGP жүйесін қолдауы, толығымен жасалған USB
драйверлері, WebTV мен бірнеше мониторлармен бірдей жұмыс
жасай алатын жаңа өнім болып келді. Windows 95 OSR 2.5-тегі дей
Internet Explorer 4 интерфейсі сақталған.
Windows 98 арналған жүйелік қажеттіліктері: жүйені қондыру ға
керек ті процессор 486DX/66 MHz немесе одан да мықтырақ, 16
Мб ОЗУ және қатті дискті қосымш 195 Мб бос орын қажет етеді.
Microsoft Windows
операциялық жүйесі
Microsoft Windows — IBM тәрізді
компьютерлерде
графикалық интерфейсті қолдануды кеңіне
нжүзеге асырған, қазіргі заман талабына са
й жасалған операциялық орта. Оның дамыт
ылғаннұсқалары түрінде Windows NT,
Windows2000 сияқты операциялық жүйелер
кеңінен қолданылуда.
Қорытынды
Операциялық жүйе-компьютер
құрылғыларының үздіксіз жұмыс
істеуін ұйымдастырушы және
турлік командаларды орындауы
арқылы пайдаланушының машина
жұмысын басқаруына жеңілдік
келтіруші жүйелік программалар.